Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев: «Біз тең нәтиже үшін келген жоқпыз»

21.10.2021, 14:58
Құрбан Бекиұлы Әзірбайжан футболын бес саусағындай біледі.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев Конференция лигасы топтық кезеңінің үшінші турында «Карабахқа» қарсы болатын ойын туралы пікір білдірді, деп хабарлайды AzeriSport басылымы:

- Бакуге қандай нәтиже үшін келдіңіз? Тең ойын көңіліңізден шыға ма?

- Біз тең нәтиже үшін келдік деп айтпас едім. «Карабахқа» да, бізге де жеңіс қажет.

- «Карабахтың» «Базель» мен «Омонияға» қарсы қалай ойнағанын ескерсек, «Қайрат» топ көшбасшысын қалай ұтуды жоспарлап отыр?

- Бұл жерде тактика мен стратегия туралы айту керек. Мен бұл құпияны баспасөз конференциясында ашқым келмейді.

- «Карабах» 15 матч бойы ұтылған жоқ. Бұл сандар сіздің ойыншыларға қалай әсер етеді?

- Көп жылдар бойы «Карабах» Әзірбайжан футболының көшбасшысы және тәжірибелі команда болды. Жыл сайын еуропалық жарыстарға қатысады. Матч қызықты болады.

- «Қайраттың» армениялық ойыншысы Камо Ованисянның Бакуге келмеуі туралы не айта аласыз?

- Бұл Камоның жеке шешімі.

- Вагнер Лав ертең ойнай ма?

- Ол Швейцарияда жарақат алды, 2-3 жаттығу өткізді. Ойнауы әбден мүмкін.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров