Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев: «Маусымды жеңіспен аяқтау біз үшін өте маңызды»

09.12.2021, 16:05
Алматылық клуб бүгін сырт алаңда «Омониямен» кездеседі.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев «Омонияға» қарсы матч алдында баспасөз мәслихатына қатысып, жергілікті тілшілердің сұрақтарына жауап берді.

- Бұл Конференция лигасының топтық кезеңіндегі соңғы ойын. Бұл ойынның турнир кестесіне әсер етпейтінін түсінеміз, бірақ бұл біз үшін өте маңызды матч болмақ. Біз үшін әр еурокубоктегі әр ойын маңызды. Қарсыласқа келетін болсақ, оларда қорғаныста да, шабуылда да жақсы ойнайтын тәжірибелі ойыншылар мол.

- Команда соңғы ойынға қандай мотивациямен шығады?

- Біз еурокубок бәсекесінде тек «Қайраттың» ғана емес, Қазақстанның намысын қорғаймыз. Ертеңгі ойын жігіттердің өзіне де қызықты болайын деп тұр.

- «Омонияның» күшті және әлсіз жақтары қандай?

- Бұл техникалық жағынан мықты әрі тәжірибелі команда. Олар бес немесе төрт қорғаушы жүйесімен ойнай алады. Командада білікті жаттықтырушы бар. Олар ойынды күшейту үшін сәтті ауысымдар жасайды.

Ертең бізде қиын ойын болады. Маусымды жеңіспен аяқтау біз үшін өте маңызды. Кез келген жағдайда күресуге дайынбыз. Әрине, бұл ойын Алматыда өткен матчтан өзгеше болады. Біз әр ойын сайын күшейіп жатқанымызға сенімдіміз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров