Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев: «Ойынға қанағаттандым, бірақ нәтиже ойдағыдай болмады»

26.11.2021, 15:38
Құрбан Бекиұлы прогрестің бар екенін және төрешінің қателескенін айтты.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев Конференция лигасының топтық кезеңінде «Базельмен» болған ойын жайлы пікір білдірді.

- Құрбан Бекиұлы, ойын туралы пікіріңіз қандай?

- «Базельмен» болған матч туралы айтатын болсақ, прогресс бар екенін байқадым. Біз тең дәрежеде ойнадық, бірақ «Базельдің» орындаушылық шеберлігі жоғары болды. Жігіттерге беріліп ойнағандары үшін алғыс айтамын. Ойынға қанағаттандым, бірақ нәтиже ойдағыдай болмады.

Бұл Қазақстандағы қоршаған ортаны қорғауға арналған бірінші матч екенін де айтқым келеді. Табиғатқа, өзіміз өмір сүріп жатқан жерге үлкен мән беріп, өскелең ұрпаққа үлгі боламыз деп сенемін.

- Бұрын-соңды «Қайратта» төрешінің шешімдеріне қарсы мұндай эмоционалды реакцияңызды көрген емеспін...

- Айтарға сөзім жоқ, бұлай жасауға болмайды ғой. Біздің қақпамызға пенальти белгіленді, бірақ ол жерде ештеңе болмады. Ақталғым келмейді, қалай болғанда да бұл жай ғана факт.

- Шушеначев, Алықұлов, Сейдахметтердің ойынына көңіліңіз тола ма?

- Жалпы, иә, жақсы ойнадық. Бірақ қарапайым жағдайларда қателіктер болды. Қазақстан кубогінің финалы болмағанда, бұл ауысымдар жасалмауы мүмкін еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров