Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев: «Ойынға және жігіттердің жанкештілігінене ризамын»

25.10.2021, 15:35
«Қайратты» алда Қазақстан Кубогінде «Қайсарға» қарсы матч күтіп тұр.
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында «Астанамен» болған кездесуді (1:0) қорытындылады:

- Құрбан Бекиұлы, жеңіспен құттықтаймын! Ойын туралы пікір білдірсеңіз.

- Рахмет! Жалпы, ойынға және жігіттердің жанкештілігінене қанағаттанамын. Әрине, тактикалық тұрғыда белгілі бір мәселелер бар, бірақ бұл уақытты қажет етеді.

- Орталық стадиондағы атмосфера ұнады ма?

- Мен Алматыда мұндай атмосфераны көптен бері көрмедім және бұл әрине көңіл қуантады. Трибуналардың толуы біздің нәтижеге байланысты екенін түсінемін. Мен жанкүйерлерге осындай қолдау көрсеткендері үшін ризамын, жігіттер мұны көп күтті. Қайталап айтамын, көп нәрсе өзімізге байланысты және мен мұны жақсы түсінемін. Сондықтан жанкүйерлердің шыдамды болғаны дұрыс.

- Яцек Гуральский тағы да екінші таймда алаңға шықты. Оның ойынына қандай баға берер едіңіз?

- Әрине, Яцек команданың көшбасшысы - мұны жаттығудан-ақ көруге болады. Физикалық тұрғыдан ол алаңда көбірек уақыт өткізуге дайын емес. Жақында бабына келеді деп үміттенемін.

- Үш күннен кейін Қызылордада жауапты ойын бар. «Қайраттың» алғашқы матчта үш басымдығымен жеңді. Бұл текетірестен не күтесіз?

- «Қайсар» ойыннан бас тартпайды деп ойлаймын. «Қайрат», «Астана» сияқты командалар үшін Чемпионат немесе Кубок матчтары болмасын, ерекше көзқараспен шығады. Ойын оңай болмайды, бірақ менің ойымша, біздің құрамда ротация болады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров