«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев «Шахтермен» болған матчты (2:0) қорытындылады:
– Бүгінгі жеңіске сәл де болса көңілім толды. «Шахтер» – мықты және тәжірибелі ойыншылары бар өте жақсы команда. Нәтижеге қанағаттандық, бірақ ойынға келетін болсақ, әлі де жақсартуды қажет ететін дүниелер бар. Хосе бабына келген жоқ, бірақ бәрі реттелген кезде ойнау бізге әлдеқайда оңай болады.
Жас ойыншылардың болашағы туралы:
– Біздің команданың жігіттері уақыт өте келе жаңа деңгейге көтеріліп, сапалы ойыншы болатынына сенімдімін. Мұның бәрі ниетке байланысты және бұл оларда бар.
«Шахтермен» матч қарсаңындағы командалық түскі ас туралы:
- Менің мансабымда команда белгілі бір матчта ірі есеппен жеңіліп қалған кезде ненің дұрыс болмағанын талқылау үшін жиналатын сәттер болды. Мұндай кездесулер бізге көп көмектеседі.
Айып добынан соғылған гол туралы:
- Паулоның бүгінгі голы жаттығуда дайындалған дүние болып табылады. Бұл эпизодта маңызды рөлді Васин атқарады, ол қарсылас қақпашысының допты көруіне кедергі жасады. Сондықтан бұл айып соққысы ұсақ-түйекке дейін өте маңызды болды.
Алдағы халықаралық үзіліс жайлы:
- Клубтан жас ойыншылардың көпшілігі кетіп барады. Біз олардың қайта оралған кездегі функционалдық жағдайына алаңдаймыз. Сол себепті ойыннан кейін мен жігіттерге ұлттық құрама сапында жүргенде босаңсып қалмай, қосымша дайындықпен айналысу керектігін айттым.
Ел кубогіндегі жеребе қорытындысы туралы:
– Мықты топтың болғаны жақсы шығар. Дәл осы қарсыластармен біріншілікте жоғары орындар үшін күресуге тура келеді. Ал мұндай кездесулер командаға демалуға мүмкіндік бермейді. Егер топтан өтер болсақ, плей-офф кезеңінде мықты командалар азаяды.
Маки Баньяктың қайта оралуы жайлы:
- Маки қазір қатарға қосылуы керек еді, бірақ ол көбірек жұмыс істей бастағандықтан өзін жайсыз сезінді. Келесі айдың басында ол клубтың орналасқан жеріне келеді. Біз 3-ші маусым күні Қырғызстанның жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізуді жоспарлап отырмыз. Егер ол дайын болса, осы матчқа қатысады. Дайын болмаса, «Мақтааралға» қарсы ойынға дайындаймыз.
Сергей Гороховодацкий туралы:
– Осы сәтті пайдалана отырып, Сергей Гороховодацкийдің отбасына көңіл айтамын. Маған онымен бірге ойнау бақыты бұйырды. Мен Сергейді өте мейірімді жан ретінде мәңгі есте сақтаймын. Жатқан жері жайлы болсын.
Біздің серіктес: FONBET