Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев: «Пенальтиден гол соққанда, ойын мүлдем басқаша өрбитін еді»

03.03.2022, 16:15
Рикардо Алвеш маңызды мүмкіндікті пайдалана алмай, алматылықтарды жеңістен айырды.
Жарнама
Жарнама

«Қайрат» футбол клубының бас бапкері Құрбан Бердыев Суперкубок ойынынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.

- Жалпы ойын тең өтті әрі қызыққа толы болды. Менің ойымша, біз жеңіске жетуге жақын болдық, бірақ финалдық ойында гол соғу керек. Өкінішке орай, олай болмады. Ойыншыларыма ешқандай кінә тақпаймын, олар барын салды.

- Құрбан Бекиұлы, соғылмай қалған пенальти ойынның шешуші сәті болды деп ойлайсыз ба?

- Иә, сөзсіз солай болды. Егер де Алвеш есеп 1:1 болып тұрған сәтте пенальтиді соққанда, ойын мүлдем басқаша өрбитін еді. Қарсыласымыз ашық ойынға көшіп, қарсы шабуылдар жасауға көп мүмкіндік болар еді.

- «Қайрат» қақпасына белгіленген пенальтимен келісесіз бе?

- Мен екі пенальтиді де дұрыс көрмедім, төрешілер VAR-ды пайдаланып шешім шығарды, сондықтан бәрі дұрыс болды деп ойлаймын.

- Алықұловтың алаңға соңғы минуттарда ғана шығуы, ойын тактикасына байланысты болды ма? Гүлжігітті бастапқы ойын тактикасына қосу қиындық туғызды ма?

- ОЖЖ-да біз негізінде 4 қорғаушымен ойнадық, ал Гүлжігіт сол қанаттағы шабуылшы болып ойнады. Бірақ біз қарсыластың бүгін қалай ойнайтынын білдік, соған байланысты ойын тактикасын өзгерттік, қарсыласқа қарсы тұра алдық деп ойлаймын. Әсіресе екінші таймда жақсы өнер көрсеттік, біз допқа жақсы иелік еттік, бірақ өкінішке орай есеп 1:1 болып тұрғанда өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық. Жалпы айтар болсам, Алықұлов біздің маңызды ойыншымыздың бірі, ол кез-келген ойын тактикасына сіңісіп кете алады. Бүгін біз ойыншы ауыстыруға асықпадық, себебі Жоао Пауло тамаша өнер көрсетті. Негізінде, үш бірдей тың ойыншыны бірден шығаратын ойымыз болған еді.

- Буранчиевті үшінші орталық қорғаушы ретінде бүкіл маусым бойы ойнататын ойыңыз бар ма? Әлде бұл мәжбүрлі түрде жасалған шешім бе?

- Арсен осы позицияда ойнайтын болады. Ол ОЖЖ-да қорғаушы позициясында өзін жақсы жағынан көрсетті.

- Хосе Кантені неліктен ерте алаңнан алып тастадыңыз? Және Артур Шушеначевтің қазіргі жағдайы жайлы айта кетсеңіз?

- Хосе бірінші таймның соңында иығын ауырсынып жүрді. Үзіліс кезінде ем-дом жасадық, бірақ бәрібір иығын ауырсынып тұрды. Шушеначев жайлы айтар болсам, біз оның қандай деңгейде екенін білмедік, себебі ол бізбен бірге жиында болған жоқ. Қазір Артур барлық ойыншылар секілді негізгі құраммен жаттығып жүр, біз оған үлкен сенім артамыз.

- Бүгін оң қанатта Еркебұлан Сейдахмет ойнады. Оның ойынына қандай баға бересіз, маусым бойына осы позицияда ойнай ала ма?

- Еркебұланға тек рахмет айтамын. Ол бірінші рет дәл осы позицияда алаңға шығып отыр, негізі ол позицияда Астанов ойнауы қажет еді, бірақ Сұлтанбек жарақат алып қалды, сондықтан Сейдахметке сол позицияда ойнауға тура келді. Ол жақсы қнер көрсетті. Әрине одан да жақсы ойнай алады, бірақ жалпы алғанда Еркебұланның ойынына көңілім толады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров