«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев «Ақтөбемен» болған кездесуден кейін клубтың баспасөз қызметіне сұхбат берді.
- Құрбан Бекиұлы, ойыннан алған әсеріңізбен бөліссеңіз.
- Ойын біз күткендей-ақ қиын болды. Біз жеңіске жеткенімізге қуаныштымыз. Бүгін кейбір жас ойыншыларымыз алаңға бірінші рет шықты. Бірақ ойын деңгейі жақсы болды деп айта аламын.
- Дамир Қасаболаттың ойынына қандай баға берер едіңіз?
- Қатты қобалжыды, қателіктері болды, әсіресе бірінші таймда, бірақ жақсы ойнады.
- Бүгінгі ойынға Васин және Алықұлов неге қатыспады?
- Олар сәл сырқаттанып қалды.
- Пенальтиге байланысты ойыңыз, неге Канте тепті?
- Негізінде Алвеш орындауы керек болған, бірақ Канте оған өзім орындаймын деп айтты. Бұл жерде психологиялық тұрғы мықты болу өте маңызды, Канте өзіне сенімді болды, сондықтан өзі орындады.
- Трансферлік терезенің жабылуына дейін уақыт бар, тағы жаңа ойыншылар келуі мүмкін бе?
- Басты мақсатымыз - өз түлектерімізді ойнату. Егер тиімді трансфер жасау мүмкіндігі болса, бәрі де мүмкін.
- Сейдахмет оң қанаттағы латераль қызметін екінші матч қатарынан атқаруда, ол өзін сол позицияда қалай сезінеді, қорғаушы ретінде ойын деңгейі жоғарылады ма?
- Ол ешқашан бұл позицияда қнер көрсетпеген, бірақ ойнай білді. «Ақтөбенің» оң қанаты мықты болды, бірақ Сейдахметтің ойынына көңілім толды.
- Ол қорғаушылар төрттігінде ойнауы мүмкін бе?
- Жоқ, егер төрт қорғаушы болса ол шабуылға жақынырақ ойнайтын болады.
Біздің серіктес: FONBET