Жарнама
Жарнама

Құрбан Бердыев: «Жас ойыншылардың атқарған жұмысына ризамын»

28.02.2022, 17:52
Алматылық клуб «Қайрат-Мәскеудің» бірнеше ойыншысын қатарға қосты.
Жарнама
Жарнама

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев алдағы маусымға арналған дайындығы мен жас ойыншыларға қатысты пікір білдірді.

«Жаттығу жиынына көңілім толды. Қандай схеманы қолданамыз? Бізде екі түрлі нұсқа бар. Қайсысын қолданатымыз қарсыласқа байланысты болмақ.

Иә, ұжымда жастар көп, олардың деңгейі айтарлықтай жоғарылады, жасаған жұмысына ризамын. Командадан кеткен ойыншылардың әрқайсысы «Қайраттың» жетістігіне өз үлесін қосты, олардың барлығы мен үшін қымбат, ешкімді жеке-жеке бөліп қарастырмаймын.

Барзегар мен Экве неге қалмады? Бұл сұрақ маған арналмаған», - деді Құрбан Бекейұлы.

Айта кетейік, «Қайрат» жаңа маусымдағы алғашқы ресми ойынын 2 наурызда Қазақстан Суперкубогі аясында «Тобылға» қарсы өткізеді. Ал Премьер-лиганың бірінші турында Құрбан Бердыев шәкірттері өз алаңында «Ақтөбені» қабылдайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров