«Қайраттың» бас бапкері Құрбан Бердыев футболдан Қазақстан чемпионатының 9-турында «Қызыл-Жарға» қарсы өткен ойын (1:1) жайлы өз пікірін білдірді:
- Ойынға құрған жоспарымыз алғашқы минуттағы қызыл қағаздың кесірінен іске аспай қалды. Сондықтан қарсы шабуылға негізделген ойын стиліне ауыстық. Алаңнан ойыншы қуылғаннан кейін, екі команда да гол соғып кете алатын ойын болды, бірақ матч тең есеппен аяқталды.
Жалпы қанағаттанарлық нәтиже болды деп ойлаймын, жас жігіттерімізде мінез қалыптасып келеді. Ойын қиын болды, сол себепті командадағы жас ойыншыларға қолдау қажет.
Артур Шушеначев бүгін жалғыз өзі үш қорғаушыға қарсы ойнады. Өз жұмысын жақсы атқарды, бар күшін салып ойнады.
Жарақат мәселесіне келер болсақ, Хосе бұлшықетін зақымдап алды. «Атырауға» қарсы өтетін ойынға дайын болуы мүмкін. Яцек болса, «Тұранға» қарсы ойында, алаңға шығып, жарақатын асқындырып алды. Барлық кінә менен болды, оны алаңға шығармауым керек еді.
Давид Экве «Қайрат-Жастар» сапында тізесін ауыртып алды. Яцек Польшада ота жасатты, енді ептеп жаттығу жасап жүр. Давид жас әрі талантты ойыншы, болашақта командаға көмектесеріне сенемін.
Біздің серіктес: FONBET