Құсяпов пен «Астананың» жолы екіге айырылды

07.02.2023, 03:51


Ақтаулық "Каспий" қорғаушы Талғат Құсяповты қатарына қосқанын қуана хабарлады.

Маңғыстау футболының түлегі "Каспиде" 2023 жылдың соңына дейін өнер көрсетеді.

Құсяпов 2019 жылдан бері "Астана" ФК доп тепті. Онда ол барлығы 15 ойын өткізген екен

Айта кететіні, "Каспий" командасы Талғатты елордалық ұжымнан екі рет жалға алған болатын (2019 және 2021 жылдары). Футболшының мансабында "Оқжетпес" клубыда орын алған.