Жарнама
Жарнама

"Қыран" "Ертіске" қайрат көрсете алмады

16.11.2018, 23:58
Жарнама
Жарнама
 Келер жылы ел біріншілігінде бақ сынауға мүмкіндік беретін «Ертіс» пен «Қыран» арасындағы өтпелі матчтың алғашқысы да өтті. «Қыран» өз алаңында «Ертістен» жауапсыз 3 гол жіберіп алды. «Биік» спорт кешенінде өткен ойындағы тартыс көпке созылған жоқ. Матчтың басында айып соққысынан кейін қонақтар есепте алға шықты. Гол авторы – Антонио Родриго. [playlist type="video" ids="33800"] Ал тайм түгесілер тұста «Ертіс» жартылай қорғаушысы Кирилл Шестаков өз командасының басымдығын еселей түсті. [playlist type="video" ids="33801"] Екінші таймның басында «Қыран» қақпашысы Исмаил Әскеров допты қабылдау кезінде өрескел қателік жіберіп қақпасынан 3 допты алып шығуға мәжбүр болды. [playlist type="video" ids="33802"] Видеолар инстаграмдағы PFLKAZ парақшасынан алынды. «Қыран» — «Ертіс» 0:3. Голдар: Антонио 8 (0:1), Шестаков 41 (0:2), Пазылхан автогол 48 (0:3). Естеріңізге сала кетейік, жауапты ойын 20 қараша күні Павлодарда өтеді. Шамкен БАЙЫРБЕК. 
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров