Әр ай сайын жаңартылып тұратын ФИФА рейтингісінде Қазақстан командасы 5 сатыға төмендеді. 139-орыннан 144 орынға сырғыған Қазақстанда небәрі 199 ұпай. Осы рейтинг бойынша енді Қазақстан футболы Қырғызстаннан да төмен болып тұр. Айыр қалпақты ағайындарымыз 206 ұпайменен 142 орынға жайғасқан. Сонымен, бұрынғы кеңестік мемлекеттер арасында Қазақстаннан төмен рейтингте команда қалған жоқ.
Бұл құлдырауымыздың себебі әрине Германия командасымен өткізген екі кездесудегі жеңілісіміз. Наурыздағы іріктеу ойындарында ешбір ұпай алмастан қақпамызға 7 голды да жібердік. Көңілге медеу болғаны сырт алаңда соққан жалғыз добымыз.
УЕФАға мүше болып футболымыз алға басады деп күткен үмітіміз әзірге орындалар түрі жоқ. 10 жыл бойы кәрі құрлықта жарытып рейтинге әсер ететін ұпай да жинай алмаппыз. Биыл Қазақстан футболының 100 жылдығы кезінде ел футболының Әлемдік рейтингте осыншама құлдырағаны федерация басшыларына сын деп білейік.
11 (10). Россия — 1052
37 (48). Украина — 675
66 (59). Узбекистан — 521
69 (62). Беларусь — 502
90 (84). Армения — 421
91 (69). Грузия — 417
93 (89). Эстония — 411
110 (108). Латвия — 322
111 (115). Литва — 316
112 (152). Таджикистан — 312
120 (116). Азербайджан — 276
131 (140). Туркменистан — 235
138 (131). Молдова — 214
142 (201). Кыргызстан — 206
144 (139). Казахстан — 199.