Жарнама
Жарнама

Қырғыздарды ойсырата жеңдік ...

03.06.2012, 22:16
Жарнама
Жарнама
Расында футболды қатты сағыныптық. Ұлттық құрама ойынын.  «Орталық стадион» төрі нағыз думанға айналды. Мейлі, бізден деңгейі төмен қырғыздармен ойнасақ та, жанкүйердің қарасы көп болды. Бәрі қазақ футболшыларының жеңісіне куә болсақ деп келген.

Қайраттың дубльі

Қырғыздармен өткен жолдастық кездесуде «Астана» командасының капитаны Қайрат Нұрдаулетов ерледі. Ол алдымен ойынның 2-минутында баспен керемет гол соқса, 57-минутта қырғыздар өз алаңында допты қолмен тоқтатты. Өзбекстандық төреші Әлім Тәлібжанов бірден 11 метрлік нүктеге меңзеді. Қақпашымен жекпе-жекке тағы сол Қайрат келді. Еш қиналмастан Нұрдәулетов қақпашы мен допты екеуін екі бұрышқа жіберді. Ұлттық құраманың капитаны болып алаңға шыққан ойыншы жарақатынан толық айырылмаған ба ойынның 68 минутын Беранек Қайратты Марат Шахметовқа ауыстырды.

Дәуренбектің үш голы

Ойынның қаһарамандарының бірі болып «Ордабасының» шабуылшысы Дәуренбек Тәжімбетов болды. Ол хэт-триктің авторы атанды. Алдымен 11-минутта баспен бірінші голды қырғыз қақпасына тоғытса, 30-минутта дубльдың авторы атанды. 90-минутта Кировтың керемет пасына «дайын асқа тік қасық» болған Дәуренбек аяғын допқа қоя салып үшінші голын салды.

Қырғыздардың қос  голы

Ойында әлгі болмашы екі голды жіберіп алмаған да, таблодағы есеп тіптен жағымды болар ма еді, кім білсін… Қақпамызға тоғытылған екі голда қақпашы Бекбаевтың қателігінен. Ал қырғыз ойыншылары оның қателігін ұтымды пайдаланып кетті де… Қырғыз футболшылары ауттан доп асырған. Ал қорғаныста қарап тұрған Нұрдәулетов пен Логвиненко бір бірін түсінбей қалды. Осы маңда торуылдап жүрген қырғызстандық Байматов допқа бірінші жетіп, допты баспен қақпаға тоғыта салғаны… Ал екінші гол тіпті күлкілі жағдайда соғылды. Қорғанысқа үймелеген қорғаушыларымыз тағы да доптан айырылып қалды. Қаңғыған допқа аяғын тосып тоқтатқан қырғыз Аджиниязовтың шірене тепкен соққысы Бекбаевтың басынан асып барып, қақпа торында тулады. Қазақстан — Қырғызстан 5:2 Голдар: Нұрдаулетов 2 (1:0), Тәжімбетов 11 (2:0), Байматов 26 (2:1), Тәжімбетов 30 (3:1), Шәріпов 34 (3:2), Нұрдәулетов пенальтиден 57 (4:2), Тәжімбетов 90 (5:2) Ескерту алғандар: Шмидтгаль 62 — Рустамов 35, Шератов 56   Қазақстан: Бекбаев (Цирин 46), Киров, Логвиненко (Рожков 46), Нұрдәулетов (Шахметов 68), Мұқтаров, Шмидтгаль, Энгель (Гурман 82), Исламхан, Тәжімбетов, Хижниченко (Остапенко 21), Жолшиев (Көкеев 62) Қырғызстан: Ағапов, Асқаров, Шератов, Байматов, Бакоев, Власичев, Харченко, Шарипов, Аджиниязов (Умаров 80), Мака Кум, Рустамов Бас төреші: Әлім Тәлібжанов (Өзбекстан) Қапталдағылар: Жахангир Саидов, Руслан Серазетдинов (екеуі де— Өзбекстан) 1 шілде. Алматы. «Орталық стадион».      
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров