Жарнама
Жарнама

"Қызыл сойқандар" шабысын үдетті

20.09.2011, 18:58
Жарнама
Жарнама
Ағылшын Премьер-лигасының 5 турында МЮ өз алаңында Челсиді қабылдады. Соңғы жылдары Сэр Алекс Фергюсон командасын тізе бүктіре алмай келе жатқан лондондық клуб бұл жолы қайтсекте Олд Траффордтан үш ұпай аламыз деген оймен келген еді. Десекте бұл жолы Челси тағы сүрінді. Смоллинг, Нани, Руни Чех қорғаған қақпаны үш мәрте көздеді. Екінші таймда Торрес есеп айырмасын қысқартқан. Фернандо осылайша өзінің небәрі екінші добын ғана соқты Челси сапында. Ойын барысында Руни пенальти ұра алмады. Ал Торрес екі мәрте ұрымтал сәтті пайдаланбады. Торрестің пасын іске асыра алмаған Рамиресте сан соғып қалды. Есеп 3:1 Манчестер Юнайтед бесінші кездесуде жеңіске жетті.Манчестер Ситиде ұтылмай келеді. Фулхэмге қонаққа келген МС 2:2 есебімен тең түсті. Қонақтардың сапынан екі допты да Кун Агуэро соқты. Ал "Тоттенхэм" болса маусымды сәтсіз бастаған еді. Бірақ бұл жолы Хари Реднапп шәкірттері Ливерпулді оңай ұтты. Ойын барысында екі ойыншысы алаңнан қуылған Ливерпуль қарсыласына еш қауқарлық көрсете алмады. Есеп 4:0 Қалған ойын нәтижелері төмендегідей:
Тур 5
18/09 Манчестер Юнайтед 3 - 1 Челси
- Фулхэм 2 - 2 Манчестер Сити
- Сандерленд 4 - 0 Сток Сити
- Тоттенхэм 4 - 0 Ливерпуль
17/09 Эвертон 3 - 1 Уиган Атлетик
- Болтон Уондерерс 1 - 2 Норвич Сити
- Астон Вилла 1 - 1 Ньюкасл Юнайтед
- Суонси Сити 3 - 0 Вест Бромвич Альбион
- Вулверхэмптон Уондерерс 0 - 3 Куинз Парк Рейнджерс
- Блэкберн Роверс 4 - 3 Арсенал
«Манчестер» «Олд Траффордта» ескі қарсыласы «Челсиді» қабылдады. Сэр Алекстің шәкірттері ойыннан ойынға күш қосып қарқыны «қорқынышты» болып барады. «Челси» «МЮ-дан» 2 ұпай артта келген. Сондықтан бұл ойын қос команда үшін де маңызды, шешуші есебінде. Лондондықтар ойынды қарқынды бастады. Бесінші минутта «Манчестер» қақпасының алдында қауіпі сәт болды. 25 метр қашықтықтан Старридж жойқын соққы жасап допты нысанадан биік асырып жіберді. 7 минутта Басингва сол қапталда дөрекі ойнап Андерсонды жықты. Стандартты Смоллинг сәтті орындап есепті ашты. 5 минут өтпей жатып Смолинг қайтадан гол соқты. Бірақ төреші оның ойыннан тыс қалғанын байқап допты есептемеді. «Челсидің» орталық алаңында Эссьеннің жетіспеушілігі айқын байқалып тұрды. Петр Чех қақпасының кілтін сол жігіт табар ма еді… Торрестің ойны көзге ерекше түсті. Матч бойы допты ешкімнен аямай әріптестеріне әдемі пас шығарумен болды. Амал не? Де Хеа қақпасын дуалап қойғандай. Бірінщі тайм бойы ойын тізгіні «Челси» қолында болды. Манкуниандықтар ара-арасында ғана әлсін шабуылдамаса, маңызды ештеңе жасауға құлық танытқан жоқ. Сондай кездейсоқ сәттірдің бірі голға айналды. Нани 37 минутта орта шеппен жалғыз өтіп допты жойқын соққымен Чехтың «тоғыздығынан» бір-ақ шығарды.  45-ші минут. Қарбалас сәтті пайдаланып Руни қақпашыдан қайтарылған допқа үлгеріп тағыда гол соқты. Бірінші таймдағы есеп 3:0. Екінші таймда алаң қожайынары еркінсіп ойнай бастады. Соны пайдаланып Торрес есепты 46 минутта қысқартты. Екінші кезең голға қанық болмаса да Янг, Руни, Смолингтар Чех қақпасына тыныштық бермеді. 77 минутта Чича қақпадан сәл асырып жіберді. Ал 84 минутта әлем мен Еуропа чемпионы Торрес қақпашымен бірге бір шығып бос қақпаны дәлдей алмады. Сөйтіп «Манчестер» кезекті жеңісіне қол жеткізіп турнирлік кестеде жеке дара көш бастап келеді. «Қызыл сойқандарды» кім тоқтатар екен? Артын байқап көрерміз. Олжас ОҚАСОВ
Жарнама
Жарнама

Новости партнеров