Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» африкалық футболшымен қоштасты

14.07.2022, 00:33
Оның орнын грузиялық шабуылшы басты.
Жарнама
Жарнама

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 29 жастағы конголық шабуылшы Мишель Нкололоның клубтан кеткенін хабарлады.

Келісім-шарт тараптардың өзара келісімі бойынша бұзылды.

Мишель Нкололо «Қызыл-Жарға» биылғы маусым басталмай тұрып қосылған еді. Содан бері петропавлдық клуб жейдесінде 15 кездесу өткізіп, 1 гол соқты, 1 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Әли Әлиевтің командасы бұған дейін грузиялық шабуылшы Элгуджа Лобжанидземен келісім-шарт жасасқан еді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров