Петропавлдық "Қызыл-Жар" Черногорияның 27 жастағы жартылай қорғаушысы Дарко Зоричпен келісімшартқа отырғанын жариялады.
Дарко Зорич өзінің мансабын 2010 жылы черногориялық "Сутьескада" бастаған. 2017-2018 жылғы маусымда ол Сербияның "Чукарички" командасында ойнады, онда 44 матч өткізді. Сондай-ақ "Челик", АЕК және сербиялық "Борац" клубтарында доп тепті.
Соңғы екі маусым бойы "Оқжетпесте" өнер көрсетті. Көкшетаулық команда үшін Зорич 41 кездесу өткізіп, 6 гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET