Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» аргентиналық футболшымен қоштасты

12.01.2022, 00:09
Футболшы өткен маусымда Премьер-лиганың барлық матчына қатысты.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қызыл-Жар» тағы бір легионерді керек қылмады.

Бұл жолы командадан өткен маусымдағы чемпионаттың барлық матчтарына қатысқан 32 жастағы аргентиналық жартылай қорғаушы Пабло Подио кетті. Ол Премьер-лигада 38 матч өткізіп, 1 голмен көзге түсті. Подио өткен маусымдағы соңғы ойында «Ордабасы» қақпасына жеңісті голды соғып, петропавлдық команданың Конференция лигасына шығуына көмектесті.

Бұған дейін «Қызыл-Жардан» Шота Григалашвили, Максим Драченко, Семир Смайлагич, Карлос Фонсека және Дарко Зорич кеткен болатын.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров