Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» белоруссиялық футболшымен толықты

25.02.2022, 14:12
Футболшы 18-ші нөмірмен өнер көрсететін болады
Жарнама
Жарнама

31 жастағы белорусиялық жартылай қорғаушы Сергей Тихоновский «Қызыл-Жар» командасымен келісім-шартқа отырды.

Футболшы петропавлдық клубтың алдағы маусымға арналған өтініміне енгізілді, ол 18-ші нөмірмен өнер көрсететін болады.

Сергей Тихоновский мансабын 2007 жылы БАТЭ-нің екінші командасында бастады. Одан кейін өз еліндегі «Руденск», «Торпедо», «Береза-2010», «Днепр», «Славия-Мозырь», «Витебск», «Городея» және «Рух» сияқты командаларының намысын қорғады.

Тихоновскийдің соңғы командасы «Динамо Брест» болды, ол өткен жылы 28 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Конференция лигасының іріктеу кезеңінде 2 ойынға қатысты.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров