Петропавлдық «Қызыл-Жар» бразилиялық легионер Лукас Кардозомен қоштасы, деп хабарлайды Kazfootball.kz.
28 жастағы жартылай қорғаушы Премьер-лиганың екінші турында «Шахтерге» қарсы өткен ойында қосалқы құрамнан алаңға шығып, петропавлдық клуб сапында бар болғаны төрт минут өткізді.
Енді «Қызыл-Жар» құрамында жеті легионер қалды.
Бұған дейін бразилиялық футболшы өз елінде өнер көрсеткен, сонымен қатар Косово, Албания және Солтүстік Македония чемпионаттарында доп тепкен.
Біздің серіктес: FONBET