Қазақстан Кубогінің бесінші туры аясында БЖМОРСМ 8 және "Қызыл-Жар" командалары үш ұпайды сарапқа салды. Матч "Астана Аренада" өтіп, 2:3 есебімен петропавлдық клубтың пайдасына шешілді.
Ойынның 15-минутында Әлібек Қасым айып добын тамаша орындап, есеп ашты. 50-минутта Артур Дадаханов алыс тоғыздықты дәл көздеп, таразы басын теңестірді. Араға үш минут салып, Тимур Мульдинов өз командасын алға шығарды. Ал 68-минутта Максим Скорых көзге түсті. 86-минутта Арман Төлегенов тағы да айып алаңның сыртынан соққы бағыттап, есепті қысқартты.
"Қызыл-Жар" бұл жеңістен кейін А тобында 10 ұпаймен көш бастады. Бірде-бір ұпайы жоқ елордалық команда ең соңғы орында тұр.
Біздің серіктес: FONBET