«Қызыл-Жар» 32 жастағы сербиялфқ қорғаушы Стефан Живкович пен 21 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурзаның командадан кеткенін хабарлады.
Живкович «Қызыл-Жарға» биылғы маусым басталмай тұрып келген болатын. Содан бері петропавлдық клуб сапында 8 матч өткізіп, 1 нәтижелі пас берді.
Артур Мурза жалдау мерзімінің аяқталуына байланысты «Металлист Харьков» клубына қайта оралды. Украиналық футболшы «Қызыл-Жарға» осы жылдың сәуір айында қосылып, клуб үшін 8 кездесуге қатысты.
Біздің серіктес: FONBET