Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» екі шетелдік футболшымен толықты

26.01.2022, 14:28
Бразилиялық шабуылшы соңғы төрт жылда тоғыз ғана гол соғыпты.
Жарнама
Жарнама

Бразилиялық шабуылшы Лукас Кардозо «Қызыл-Жар» клубымен келісім-шарт жасасты.

Лукас өз елінде «Итумбиару», «Насьональ ПР», «Тагуатингу» и «Рио Бранко» командаларында доп тепкен. 2016 жылы Солтүстік Македония елінің «Пелистер» клубына ауысты. Соңғы төрт жылда албаниялық «Бесу» және «Партизани» сапында 62 ойын өткізіп, 9 рет меңгендігімен көзге түскен.

Ресейлік жартылай қорғаушы Евгений Козлов та «Қызыл-Жарға» келіп қосылды

Козлов «Витязь», «Волгу», «Динамо-СПБ», финляндиялық «Лахти», белоруссиялық «Шахтер-Солигорск», латвиялық «Спартак Юрмала» және «Вентспилс» командаларында өнер көрсеткен. «Спартак Юрмала» сапында 2016-17 жылдары Латвияның чемпионы атанған. Футболшы соңғы маусымда «Ақжайықтың» намысын қорғап, 21 кездесуде 3 гол соғып, 4 нәтижелі паспен көзге түсті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров