Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» екі тәжірибелі ойыншымен толықты

09.03.2021, 22:22
Бірі Қазақстан құрамасының бұрынғы қақпашысы, екіншісі өткен жылы «Тараздың» негізгі ойыншысы болды.
Жарнама
Жарнама

Петропавлдық "Қызыл-Жар" екі футболшымен келісім-шартқа отырғанын жариялады.

36 жастағы қақпашы Алмат Бекбаев Премьер-лигада 2004 жылы "Яссы-Сайрам" сапында дебют жасады, сонымен қатар Қазақстан чемпионатында "Ордабасы", "Тобыл" және "Ақтөбе" клубтарында ойнады. Сондай-ақ ол мансабында шымкенттік "Ақсу-Кент", қызылордалық "Қайсар", оралдық "Ақжайық" және өзбекстандық "Андижа" клубтарының қақпасын қорғады. Соңғы екі маусымын талдықорғандық "Жетісу" сапында өткізді. Жалпы Премьер-лигада 129 матч өткізіп, 138 гол жіберіп алды.

33 жастағы белоруссиялық қорғаушы Валерий Каршакевич мансабын "Молодечнода" бастаған. Ол 2009 жылы "Торпедо" ойыншысы атанды, 2010 жылдан бастап команданың негізгі ойыншысына айналды. 2013 жылдың тамызында ол "Динамо Брест" сапына қосылды. Валерий ресейлік "Мордовия", белоруссиялық "Днепр" командаларының намысын қорғаған. Белоруссия жастар құрамасында өнер көрсеткен. Өткен маусымда ол "Тараз" жейдесінде 20 матч өткізді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров