Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» команданың бұрынғы ойыншысына сенім артпақ

21.12.2021, 17:04
Футболшы бір жыл бойы жоғары деңгейде ойнаған жоқ.
Жарнама
Жарнама

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 2018 жылғы ел Кубогінің финалындағы басты қаһарман әрі Қазақстан құрамасына үміткер болған ойыншы бір жылдық үзілістен кейін футболға қайта оралуы мүмкін.

Оң қапталда өнер көрсететін 25 жастағы қорғаушы Александр Соколенко команданың бас бапкері Андрей Карповичтің көңілінен шықса, «Қызыл-Жармен» келісім-шартқа отырады. 2018 жылғы Қазақстан кубогінің финалындағы жалғыз голдың авторы әрі франциялық «Анжеде» қаралымда болған Соколенко бір жыл бойы кәсіпқой деңгейде өнер көрсетпеді.

Өткен маусымда Соколенко Виталий Руснактың көзіне түсе алмады, ал оның орнына келген Карпович Александрмен «Қайратта» бірге жұмыс істегеніне қарамастан, оны оқу-жаттығу жиынына шақырмауды ұйғарды. Бұл жолы петропавлдық команданың бапкерлер штабы клуб тәрбиеленушісіне мүмкіндік беруді ұйғарды, Соколенко командамен бірге оқу-жаттығу жиынына аттанатын болды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров