«Қызыл-Жар» Қазақстан чемпионатының алтыншы турында «Ақтөбемен» тең ойнады. «Астана Аренада» өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 42-минутында Дарко Зорич есеп ашты. 82-минутта Уго Видемон пенальтиді сәтті пайдаланды. Тоғыз минуттан кейін «Қызыл-Жар» қақпасына тағы да он бір метрлік айып добы белгіленді. Бірақ бұл жолы Видемон Лобанцевтен айласын асыра алмады.
Қазақстан Премьер-лигасы, 6-тур
«Қызыл-Жар» – «Ақтөбе» – 1:1
«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Олег Мурачёв, Марк Гурман (Жиан Мартинс 54), Дмитрий Шмидт – Пабло Подио, Мусса Коне – Евгений Козлов (Мишель Нкололо 65), Дарко Зорич, Андрей Панюков (Павел Яковлев 64);
«Ақтөбе»: Саша Стаменкович (қ) – Дмитрий Шомко (Арман Кеңесов 46), Йоахим Адукор, Артурас Жулпа (К), Әлібек Касым, Әділхан Таңжарықов – Рамазан Оразов, Руслан Камболов – Уго Видемон, Рожерио Шина (Максим Самородов 46), Жерар Гоу (Владимир Гинайтис 61);
Біздің серіктес: FONBET