"Қызыл-Жар" Қазақстан Кубогінің үшінші турында "Ордабасыны" қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.
Ойынның 17-минутында "Опдабасының" қорғаушысы Александр Клещенко екі бірдей ойыншыны алдап өтіп, айып алаңына пас асырды. Сұлтанбек Астанов бос қақпаны дәл көздеп, командасын алға шығарды. Ал 43-минутта Сергей Хижниченконың қателігінен кейін петропавлдық клуб таразы басын теңестірді. Гол авторы - Дарко Зорич.
Біздің серіктес: FONBET