Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» мен «Тараз» тең тарқасты

07.05.2022, 22:57
Жамбылдық клуб соңғы минуттарда гол соғып кетті.
Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» Қазақстан Премьер-лигасының оныншы турында «Таразды» қабылдады. Матч «Астана Арена» стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Ойынның 79-минутында қосалқы құрамнан шыққан Мишель Нкололо есеп ашты. Бірақ қосымша уақытта Елдос Ахметов пенальтиді сәтті орындап, командасына бір ұпай алып берді.

Қазақстан Премьер-лигасы, 10-тур

«Қызыл-Жар» – «Тараз» – 1:1

«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Стефан Живкович, Валерий Каршакевич, Олег Мурачёв, Руслан Есімов (Андрей Панюков 90+3) – Сергей Тихоновский, Пабло Подио – Артур Мурза (Евгений Козлов 70), Дарко Зорич (Марк Гурман 87), Тимур Мульдинов (Мишель Нкололо 70);

«Тараз»: Мұхаммеджан Сейсен (қ) – Алекс Джуниор, Лука Гадрани, Елдос Ахметов (к), Нұрлан Дайыров, Әділет Кеңесбек – Марат Шахметов (Ерсұлтан Қалдыбеков 87), Милен Гамаков, Абзал Таубай (Дінмұхамед Қараман 87) – Жақып Кожамберді (Мақсат Әмірханов 75), Абылайхан Жұмабек (Әлішер Сүлей 75);

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров