Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» мен «Тараз» ұпай бөлісті

28.05.2021, 23:50
Матч соңы трагедияға ұласып, «Тараздың» екі ойыншысы алаңнан қуылды.
Жарнама
Жарнама

"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының екінші айналымындағы алғашқы турда "Таразды" қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 2:2 есебімен аяқталды.

"Тараз" сапында Ненад Адамович дубль жасады. Ал жауапты голды Дарко Зорич пен Әлібек Қасым соқты. Матч соңында "Тараз" ойыншылары Фейт Тбилор мен Алмас Сапарғалиев қызыл қағаз алды.

Бұл ойыннан кейін "Тараз" 19 ұпаймен алтыншы орында қала берді. 18 ұпайы бар петропавлдық клуб бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров