Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» «Қайраттың» бұрынғы қорғаушысын қатарға қоспақ

21.04.2021, 04:32
Карпович Даировпен бұған дейін де бір командада жұмыс істеген.
Жарнама
Жарнама

"Тұран" клубының қорғаушысы Нұрлан Даиров мансабын петропавлдық "Қызыл-Жар" клубында жалғастырады.

Инсайдер әрі журналист Айдын Қожахметтің ақпаратына сенсек, Даиров түркістандық клубта өзіне тиісті ойын практикасын ала алмағандықтан осындай шешім қабылдаған. Оның үстіне, "Қызыл-Жардың" бас бапкері Андрей Карпович бұл қорғаушыны жақсы таниды.

Айта кетейік, Нұрлан "Тұраннан" кеткен алғашқы ойыншы емес. Бұған дейін Ермек Қуантаев та жамбылдық "Тараз" сапына ауысқан болатын. Қос футболшы да түркістандық клубқа осы маусымның басында қосылған еді.


Жарнама
Жарнама

Новости партнеров