«Қызыл-Жар» 27 жастағы ресейлік шабуылшы Андрей Панюковпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Андрей Панюков мәскеулік «Динамоның» түлегі. Футболшы «Зенит», «Химки», «Спартак-Нальчик» және «Балтика» командаларында ойнаған.
Сондай-ақ литвалық «Атлантас», франциялық «Аяччо» және португалиялық «Брага» командаларында өнер көрсетті. Андрей Ресей жастар құрамасы сапында 17 кездесу өткізіп, 8 гол соққан.
Біздің серіктес: FONBET