Петропавлдық «Қызыл-Жар» 30 жастағы ресейлік жартылай қорғаушы Павел Яковлевпен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
Павел «Звезда» сонымен қатар «Спартак» спорт мектептерінің тәрбиеленушісі. Талантты ойыншыны 2009 жылы «Спартак» клубының бас жаттықтырушысы Валерий Карпин байқап, кейін Павелді бірінші командамен жазғы оқу-жаттығу жиындарына шақырады.
Яковлев футбол сүйер қауымға көбінесе «Спартак» және «Крылья Советов» командаларындағы ойындары арқылы таныс. Футболшы «Мордовия»,«Анжи» командаларында да доп тепкен. Вингердің соңғы ойнаған клубы - «Факел». Премьер- лигада 187 кездесуге қатысып, 24 рет қақпаны дәл көздеген.
Біздің серіктес: FONBET