Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» сапына қаралымға келген екі футболшы командадан кетті

14.02.2021, 21:57
Бірі қорғаушы, бірі шабуылшы еді.
Жарнама
Жарнама

"Қызыл-Жарға" қаралымнан өту үшін келген Петар Кунич пен Александр Позняк команда сапынан кетті. "Қызыл-Жар" клубы аяқ доп шеберлеріне алғысын білдіре отыра, кәсіби мансаптарына сәттілік тіледі.

Босниялық шабуылшы Петар Кунич мансабын прагалық "Дукла" командасында бастаған, бірақ негізгі құрамда ойнаған жоқ.

Сонымен қатар ол Сербияда және Грецияда өнер көрсетті. 2019 жылдан бері "Зриньски" командасында доп теуіп келеді. Босния чемпионатының ағымдағы маусымында 9 ойынға қатысып, гол соға алмады. Шабуылшы Босния және Герцеговинаның жастар құрамасына шақырту алған.

Александр Позняк - "Лида" клубының тәрбиеленушісі. Кейін "Неман" клубына ауысып, жастар командасында өнер көрсеткен болатын. 2014 жылы "Лида" футбол клубына жалға берілді. Оның құрамында Беларусь чемпионатының екінші дивизионында 13 матч өткізді.

2014 жылдың қыркүйегінде "Неман" клубының негізгі құрамында дебюттік ойынына шықты. Сол жылдан бастап Белоруссияның жастар құрамасына шақырту ала бастады. Достастық Кубогінде өнер көрсетіп, өз құрамасымен бірге екі рет турнирдің қола жүлдегері атанды. 2020 жылы Болгарияға қарсы жолдастық кездесуде ұлттық құрамаға шақырту алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров