Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» сербиялық футболшымен қош айтысты

13.07.2021, 04:03
Неманья Қазақстан чемпионатында гол соға алмады.
Жарнама
Жарнама

"Қызыл-Жар" мен сербиялық шабуылшы Неманья Обрадович тараптардың өзара мәміле бойынша еңбек келісім-шартының күшін жойды. Мұның басты себебі - ұзын бойлы шабуылшының бас бапкер Андрей Карповичтің ойын стиліне сәйкес келмеуі.

32 жастағы шабуылшы петропавлдық клубқа мамыр айының басында ауысты, бірақ ол өзінің ең жақсы ойынын көрсете алмады. Екі ай уақыт ішінде ойыншы Қазақстан чемпионатында 8 ойын өткізді, бірақ гол соға алмады.

"Қызыл-Жар" оның орнына "Астанадан" 22 жасар шабуылшы Семир Смаилагичті жалға алды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров