Петропавлдық «Қызыл-Жар» 28 жастағы черногориялық жартылай қорғаушы Дарко Зоричтің командаға қайта оралғанын хабарлады.
Дарко Зорич өткен маусымды «Қызыл-Жар» сапында өткізіп, 20 матчта 7 гол мен 6 нәтижелі пасты өз атына жазды.
Қаңтар айының басында петропавлдық команданың баспасөз қызметі жартылай қорғаушының кеткенін хабарлады. Ал осыдан тура үш апта бұрын, яғни 17 қаңтарда қарағандылық «Шахтер» Зоричпен келісім-шартқа отырғанын мәлімдеген болатын.
Біздің серіктес: FONBET