«Шахтер» Қазақстан Премьер-лигасының он төртінші турында «Қызыл-Жарды» қабылдады. Матч Қарағандыдағы «Шахтер» стадионында өтіп, 1:2 есебімен аяқталды.
Ойынның 17-минутында Стефан Букорац есеп ашып еді, 47-минутта Дарко Зорич таразы басын теңестірді. Ал 93-минутта Евгений Козлов жеңіс голын соғып кетті.
Қазақстан Премьер-лигасы, 14-тур
«Шахтер» – «Қызыл-Жар» – 1:2
«Шахтер»: Игорь Шацкий (қ) (к) – Джордже Чосич, Стефан Букорац, Иван Граф, Владимир Хозин, Михаил Габышев – Роджер Каньяс, Эдин Рустемович – Роман Мұртазаев, Абылайхан Назымханов, Айдос Тәттібаев;
«Қызыл-Жар»: Мирослав Лобанцев (қ) (к) – Юрий Бушман, Валерий Каршакевич, Марк Гурман, Мусса Коне, Сергей Тихоновский – Жиан Мартинс, Пабло Подио – Артур Мурза, Дарко Зорич, Тимур Мульдинов;
Біздің серіктес: FONBET