Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» соңғы минуттарда жеңіс голын соғып, маусымды төртінші орынмен аяқтады

30.10.2021, 21:00
«Шахтер» Қазақстан Кубогін жеңе алмаса, «Қызыл-Жар» келесі жылы Конференция лигасында ойнайды.
Жарнама
Жарнама

Қазақстан Премьер-лигасының соңғы турында "Қызыл-Жар" "Ордабасы" клубын қабылдады. Матч Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өтіп, 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды.

Ойынның 10-минутында Максим Драченко "Қызыл-Жарды" алға шығарды. Екінші тайм бастала салысымен Александр Клещенконың қателігін пайдаланған Карлуш Фонсека есепті еселеді. Бірақ 74-минутта Карам Сұлтанов есеп айырмасын қысқартты. Ал 90-минутта Александр Симчевич таразы басын теңестірді. Бір минуттан кейін Пабло Подио жеңіс голын соғып, комардасына жеңіс сыйлады.

Бұл жеңістен кейін петропавлдық клуб 39 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. Бір ұпайы кем "Ордабасы" бір саты төменде тұр.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров