Қазақстан Премьер-лигасының 23-турында "Каспий" мен "Қызыл-Жар" өзара мықтыны анықтады. Матч Ақтаудағы "Жас Қанат" стадионында өтіп, 1:3 есебімен аяқталды.
Ойынның 31-минутында "Қызыл-Жар" қақпасын пенальти белгіленіп, Алексей Залеский өз командасын алға шығарды. 39-минутта Мусса Коне бұрыштамадан асырылған пасты баспен қақпаға дәл бағыттап, таразы басын теңестірді. Төрт минуттан кейін Әлібек Қасым жеңіс голын соқты.
Жеңіс тойын тойлаған Андрей Карпович шәкірттері 35 ұпаймен төртінші орынға табан тіреді. 28 ұпайы бар ақтаулық клуб сегізінші орынға жайғасты.
Біздің серіктес: FONBET