Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» тарихында алғаш рет еурокубок бәсекесіне жолдама алды

29.11.2021, 14:52
Бұл үшін «Қайрат» клубына алғыс айтуы керек.
Жарнама
Жарнама

Петропавлдық «Қызыл-Жар» 2022/23 жылғы маусымда Конференция лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетуге мүмкіндік алды.

Бұған «Қайраттың» Қазақстан кубогінің финалында «Шахтерді» жеңуі әсер етті. Бұл матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен аяқталды, қосымша уақытта командалар тағы бір голдан соқты, ал пенальтиде алматылықтардың мерейі үстем болды (9:8).

Петропавлдық клуб 53 жылдық тарихында алғаш рет еурокубок бәсекесіне жолдама алды.

Айта кетейік, алдағы жазда Қазақстан чемпионы «Тобыл» Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде өнер көрсетсе, Конференция лигасының іріктеу кезеңіне «Астана», «Қайрат» және «Қызыл-Жар» командалары қатысады.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров