Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, «Қызыл-Жар» Владимир Логиновскиймен келісім-шартқа отырмақ.
Жақында «Атыраумен» келісім-шартын бұзған 36 жастағы қақпашы өзінің бұрынғы клубы «Қызыл-Жарға» оралу туралы шешім қабылдады. Командада ол «Мақтааралға» кеткен Алмат Бекбаевты алмастыруы керек.
Логиновский 2010 жылы петропавлдық клубтан кетіп, осы уақытқа дейін «Жетісу», «Астана», «Тобыл» және «Тараз» клубтарында өнер көрсетті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасында 2 кездесу өткізді.
«Қызыл-Жар» клубының басшылығы негізгі қақпашы Мирослав Лобанцевпен келісім-шартты ұзарту туралы мәмілеге келді. Ал Логиновский қосалқы қақпашы рөлін атқаратын болады.
Біздің серіктес: FONBET