Петропавлдық «Қызыл-Жар» командасы 21 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Артур Мурзамен келісім-шартқа отырғанын хабарлады.
21 жастағы футболшы бұған дейін «Мариуполь», «Волынь», «Авангард Краматорск», «Горняк-Спорт» және киевтік «Оболонь» командаларында ойнады.
Өткен жылы Мурза «Оболонь» сапында 15 кездесу өткізіп, 5 гол мен 2 нәтижелі пастың авторы атанды. Осы жылдың басында Артур еркін агент ретінде «Металлистке» ауысқан болатын.
Біздің серіктес: FONBET