Жарнама
Жарнама

«Қызыл-Жар» украиналық футболшымен толықты

04.02.2021, 22:10
Футболшы петропавлдық клуб сапында екі матчқа қатысып үлгерді.
Жарнама
Жарнама

"Қызыл-Жар" футбол клубы украиналық жартылай қорғаушы Юрий Бушманды қатарға қосқанын хабарлады.

Юрий - "Динамо Киевтің" түлегі. Украинаның балалар мен жасөспірімдер футбол лигасында ол Киевтің "Динамосы" мен "Отрадный" командасында ойнады. 2007 жылы ол киевтік "Арсеналдың" қосалқы командасына кірді. Премьер-лигада "Арсенал" үшін 15 матч өткізді.

2010 жылдан 2012 жылға дейін "Прикарпатье", "Нефтяник-Укрнефть", "Звезда" клубтарында жалға ойнады. 2019 жылы футболшы литвалық "Кауно Жальгириспен" келісімшартқа отырды. Юрий өз клубында жыл ойыншысы атанды және Литва чемпионатының символикалық құрамына енді.

Юрий оқу-жаттығу жиынында "Арда" мен "Шинникке" қарсы екі жолдастық кездесуге қатысып, өзін жақсы жағынан дәлелдеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров