Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, 23 жастағы ресейлік қорғаушы Сергей Бугриев "Қызыл-Жар" ойыншысы атанды.
Петропавлдық клуб "Зенит" академиясының тәрбиеленушісі мен Ресей жастар құрамасының бұрынғы ойыншысын алу арқылы қорғаныс шебін күшейтті. Бугриев Санкт-Петербургтік клубтың жүйесінде ұзақ уақыт болды және бірнеше рет негізгі команданың жаттығуларына қатысты. 1,5 жыл бұрын ұзын бойлы орталық қорғаушы "Томьюмен" келісімшартқа отырды және ФНЛ-де 60-тан астам матч өткізді.
"Қызыл-Жарға" Бугриев "Шахтермен" болған матчтағы төбелесі үшін 5 ойынға дисквалификацияланған тәжірибелі беларусь қорғаушысы Валерий Каршакевичтің орнына шақыртылды. Жаттықтырушылар штабы Сергей қорғаныста ғана емес, сонымен қатар қарсылас қақпасының маңындағы стандарттық жағдайларда да пайдасын тигізеді деп ойлап отыр.
Біздің серіктес: FONBET