"Қызыл-Жар" Қазақстан Премьер-лигасының жетінші туры аясында талдықорғандық "Жетісуды" қабылдады. Петропавлдағы "Қарасай" стадионында өткен матчта алаң иелері жауапсыз үш гол соғып, жеңіске жетті.
Ойынның 20-минутта Валерий Каршакевич есеп ашты. Ал бірінші таймның аяқталуына бір минут қалғанда Әлібек Қасым осы турдағы ең әдемі голдардың бірін соқты. Айта кетейік, бүгін қос қорғаушы да осы маусымдағы екінші голдарын соқты. 80-минутта Данило Алвес қорғаушылардың қателігін сәтті пайдаланып, матчтың нүктесін қойды.
Сенімді жеңіске қол жеткізген Андрей Карпович шәкірттері 10 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Ал талдықорғандық ұжым ең соңғы орында тұр (1 ұпай).
Біздің серіктес: FONBET