Петропавлдық «Қызыл-Жар» 31 жастағы украиналық жартылай қорғаушы Максим Драченконың командадан кеткенін хабарлады. Футболшының келісім-шарт мерзімі аяқталған екен.
«Максим, жауынгер ретінде 3,5 жыл бойы көрсеткен кәсіби шеберлігіңіз, жанқиярлық әрекетіңіз бен ерлік істеріңіз үшін рахмет», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.
Еске салайық, Драченко «Қызыл-Жар» сапында 2018 жылдың шілдесінен бері өнер көрсетіп келеді. Ол петропавлдық клуб сапында 57 ойынға қатысып, 5 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.
Біздің серіктес: FONBET