«Қызыл-Жардың» бас бапкері Андрей Карпович команданы келесі маусымға дайындайтын болады, деп хабарлайды МТРК телеарнасы.
Қаңтар айында «Қызыл-Жар» ойыншылары оқу-жаттығу жиындарын өткізу үшін Түркияға аттанады. Клуб президенті Григорий Лорияның айтуынша, команданың құрамы өзгеріссіз қалады.
Еске салайық, өткен маусымның қорытындысы бойынша «Қызыл-Жар» Премьер-лигада төртінші орын алып, Конференция лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды. Алғашқы айналымның матчтары шілде айының соңында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET