

Шағын футбол лигасында кезінде үлкен футболда жұлдыз болғандар да жетерлік. Мәселен, бір кездері «Қайсарда» капитан болған Талғат Сыздықов, Ислам Жүнісбеков және Премьер-лиганың бірнеше командасын өрге сүйреген Серік Досманбетов «Кундуз» командасында, «Қайсардың» жасындай жарқылдаған ойыншылары болған Әлихан Қалиев, Қанат Әлиев, Ғалымжан Үмбетбаев сынды саңлақтар «Зенит» командасында көсіле шабуда. Жалпы, жергілікті және республикалық деңгейдегі жұлдыздар жетерлік. Ал биыл жеіңімпаз атанған команда қыста әуесқойлар арасындағы Қазақстан біріншілігіне жолдама алады.
Осы аптада жазғы маусымның екінші кезеңі басталды. «С» лигасында тәртіп сақшыларынан құралған «ДВД КЗО» командасы басты бәсекелестері «Орда» мен «Бірліктің» жеңілістерін пайдаланып, турнир кестесінде төрт ұпайға ұзап кетті. «В» лигасында «Халық банк» командасы қарсылас шақ келтірер емес. Сондай-ақ, «САН МҰНАЙ ГАС» командасының да қарқыны қатты. Ал кілең алпауыттар жиналған «А» лигасында «Азамат» командасының шоқтығы биік болып тұр. Сондай-ақ, «Орион» да оларды өкшелеп келеді. Ал соңғы турда күтпеген жерден «Цирконнан» жеңіліп қалған «Кундуз» командасы үздік үштікті қорытындылауда.
Естеріңізге сала кетейік, Шағын футбол лигасының жазғы маусымы Илья Ильин атындағы саябақтың алаңында өтуде.Біздің серіктес: FONBET