Жарнама
Жарнама

«Қызылжар» бір ойын тең түсіп, бір ойын жеңілді

Кеше олар Венгрия елінің «Спартакус» командасына 1:3 есебімен есе жіберді.

Жарнама
Жарнама

Қазақ командаларының оқу-жаттығу жиынында елдің бәріне жеңіліп қайтатын әдеті емес пе? Оған таң қалып отырғанымыз жоқ. Тек екі ойын қатарынан гол салған Украиналық шабуылшы Алексей Щебетун туралы айтқымыз келеді. Кезінде Украина жастар құрамасына алынған бұл шабуылшы "Динамо" Киев академиясының түлегі екен. "Сталь", "Луч" (Белорусь) және "Шяуляй" (Литва) клубтарында доп тепкен. Әр чемпионаттың дәмін бір татып, өз бағын сынап жүрген жайы бар. Украиналық легионер дәл осы "Қызылжарға" келіп бағы ашылатын сыңайлы. Ірі денелі, сонымен қатар жылдамдығы шапшаң екен. Баспен де гол салуды біледі. Әли Әлиев осындай тасада жүрген таланттарды жақсы ашады емес пе? Биылғы біріншілікте сұрмергендер тізіміне қосылып, біршама гол салады деген ой бар. Қалай қарайсыздар?

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров