Жарнама
Жарнама

Қызықтың бәрі алда

04.03.2020, 17:03
Бұл ойынның тартысы қызу болды. «Қайсар» Элгуджа Лобжанидзе, Иван Пешич секілді мықты ойыншыларды алды.
Жарнама
Жарнама

Осының өзі тартыстың өте қызық бьолатынын білдіртті. Алайда, «Астана» трофейді тегіннен тегін бере қоймасы анық. Екі команданың жанкүйерлері көңіл қуантты. Олар Қызылорда мен Нұр-Сұлтан қалалларынан арнайы келді.

Ойын өте баяу қарқынмен жүрді. Қос команда шабуылға шығуға асықпады. «Астана» допқа көбірек иелік етіп, ортада жақсы ойнады. Әсчіресе Макс Эбонг пен өткен жылы «Қайсарда» ойнаған Тигран Барсегян белсенді болды. Бірақ, бірнеше минуттардан кейін қызылордалықтар басымдылыққа ие болып, елордалықтардың қорғанысы іске кірісе бастады. «Астананың» жаңадан алған ойыншылары алаңда не болып жатқанын түсінбей жүргендей көрінді.

Иван МАЕВСКИЙ- «Астана» ФК жартылай қорғаушысы

Жаңадан келген футболшылар өте тәжірибиелі. Біз олармен 2 ай уақыт бірге ойнадық. Тек сәл түсініспеушілік бар шығар. Бірақ, алдағы уақытта барлығы ретке келеді. Біз жеңісті жолды жалғаймыз.

«Қайсар» екінші тайды өте ширақ бастады. «Дала қасқырлары» қақпашы Ненад Еричті әбігерге салды. Шабуылға көп араласқан Элгуджа Лобжанидзе мен Думан Нәрзілдаев өз мүмкіндіктерін жіберіп алды. «Қайсар» бапкері Стойчо Младенов көп мүмкіндікті голға айналдыра алмадық деді. 

Стойчо МЛАДЕНОВ-«Қайсар» ФК бас бапкері

«Қайсар» қарсылас қақпасын торуылдағанымен нәтиже болмады. Ненад Эрич тас қамал екенін тағы көрсетті. Екінші таймның ортасында Барсегянның орнына Дорин Ротариу шықты. Румыниялық футболшы алаңға ене салып, қауіпті сәттер жасады. Тигран бұл ойында өзін толыққанды көрсете алмады.

Тигран БАРСЕГЯН-«Астана» ФК жартылай қорғаушысы

Жүлде жеңген әрқашан қуаныш қой. Бірақ, «Қайсарға» қарсы ойнағаныма көңілім жабырқаулы. Дегенімен бұл футбол. Ертеңгі күні қай командаға ауысарыңды білмейсің. Әріптестерім бүгін жақсы ойнады. Бізді қолдаған жанкүйерлерге де мың алғыс.

«Қайсар» бұл ойынды жеңілгенімен дұрыс бағытта дамып жатқанын көрсетті. Командаға бұл матчта қауіпті сәттерді голға айналдыру мәселесі кедергі келтірді. Футбол қателіктерді кешірмейді. Ал «Астана» бесінші мәрте Суперкбок жеңімпазы атанды. Бас бапкер Михал Билек командасымен алғашқы кубокқа қол жеткізді. Ойыншылар жаңа бапкердің ойын мәнеріне үйреністі ме?

Иван МАЕВСКИЙ-«Астана» ФК жартылай қорғаушысы

Әр бапкердің өзіндік мәнері болады. Біз бірге жұмыс істеп жатқанымызға небәрі 2 ай. Билек дәрежесі жоғары маман. Маусым әлі алда. Біз әлі талай дүниені пысықтаймыз.

Ненад ЭРИЧ- «Астана» ФК қақпашысы

Қазақстандық футбол фанаттарын нағыз мереке күтіп тұр. 7 наурыз күні Қазақстан премьер-лигасы басталады. Кімнің үздік шығатынын тек қана уақыт көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров