«Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин «Слованға» қарсы кездесуді қортындылап, пікірін айтты.
Кеше алматылық клуб ЧЛ 2025/26-маусымының 3-іріктеу кезеңінің алғашқы кездесуінде словакиялық команданы 1:0 есебімен жеңіп, қарымта матч алдында басымдыққа ие болды.
«Бүгін бәрі үлкен жұмыс атқарды. Алда қарымта матч бар екенін білеміз, онда толық күшпен ойнауымыз қажет. Өз алаңында «Слован» мүлде басқа футбол көрсететіні анық. Бүгін әдеттегідей ойынның басынан белсенділік танытуға тырыстық. Жігіттерге батыл ойнау керектігін айттық — қорықпай, тек қорғаныста отыруға болмайтынын ескерттік. Қарсылас команда ойыншыларының біреуі алаңнан қуылғаннан кейін, біз шабуылды үдете түстік. Бірақ қарсылас та өте сауатты қорғанды — бұған лайықты баға беру керек. Бүгін алаңнан қуылған футболшы — негізгі құрамның ойыншысы. Ол тек доп тартып қана қоймай, шабуылға да белсене араласады. Дегенмен, мұндай деңгейдегі команда бір ойыншыға тәуелді емес деп ойлаймын», - деді Р. Уразбахтин.
Командалар арасындағы жауап ойын 13-тамызда Братислава қаласында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET