28 жастағы «Қайраттың» сербиялық қорғаушысы Раде Дугалич Премьер-лиганың 25-турында «Астанаға» қарсы болатын ойында қатыспайды, деп хабарлайды KazFootball.kz тілшісі.
Алматылық клубтың қорғаушысы Раде Дугалич 24-турда «Ақтөбе» командасымен (2:1) болған матчта екі ескерту қағазын алып, алаңнан қуылды. Сол себепті ол алдағы уақытта «Астанаға» қарсы өтетін ойында қатыспайды.
Жалпы, ағымдағы чемпионатта Раде Дугалич 20 кездесу өткізіп, 1 гол соқты. Ол дисквалификацияға байланысты осы маусымда екінші кездесуін жіберіп алайын деп тұр.
Біздің серіктес: FONBET